Футзалдан Қазақстан құрамасы 2016 жылы Сербияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алды.
Алматыдағы қосымша іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговина құрамасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Осыдан бір апта бұрын Боснияда өткен алғашқы матчта да Қазақстан құрамасы 5:0 есебімен басым түскен еді. Екі матч қорытындысы бойынша 9:0 есебімен жеңген Қазақстан өз тарихында алғаш рет футзалдан Еуропа чемпионатына лицензия иеленді.
Еуропа чемпионатына құрлықтың үздік 12 құрамасы қатысады. Қазақстан құрамасын бірнеше жылдан бері бразилиялық маман Какау жаттықтырады.