$ 444.14  477.05  4.85

Ә. Жақсыбеков: Бүгін - Астана өміріндегі тарихи күн

«Астана» - «Галатасарай» футбол матчының қарсаңында елорда әкімі Ә.Жақсыбеков жанкүйерлерді, барлық қала тұрғындарын сүйікті құраманы қолдауға шақырды, деп хабарлайды astana.kz.

- Бұл ойынның нәтижесі қандай болатынына қарамастан, біз жеңіске жетіп қойғанбыз, - деді әкім. - Ел спорты тарихында тұңғыш рет қазақстандық футбол клубы Еуропа чемпиондар Лигасын - ең жоғары деңгейдегі спорттық турнирді қабылдауда.

Бұл бапкерлер мен ойыншылардың ғана жетістігі емес. Бірінші кезекте, бұл - спорттың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, спорттық нысандарды көбейтіп, Астанада үлкен халықаралық спорт сайыстарын өткізуге мұрындық болған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасы.

- Бұл, сонымен қатар, спорт, дене шынықтыру және салауатты өмір салты өмірлік ұстанымдарына айналған құрама жанкүйерлерінің де еңбегі. Бүгін «Астана Арена» стадионында өтетін спорттық мереке барлығымызды одан әрі жұмылдыра түсуі керек, - деді Ә. Жақсыбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары