$ 498.34  519.72  4.85

ТЕННИС: Новак Джокович Australian Open турнирін жетінші рет жеңіп алды

Серб теннисшісі Новак Джокович Australian Open турнирін жетінші рет жеңіп алды. Бүгін финалда ол испандық Рафаэль Надальдан 6:3, 6:2, 6:3 есебімен басым түсті.

Осылайша Джокович Аустралия ашық біріншілігін ең көп жеңген теннисші атанып отыр. Аталған турнирде ол 2008, 2011, 2012, 2013, 2015, 2016, 2019 жылдары чемпион атанған.

Бұл серб теннисшісінің «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі 15-ші кубогі. «Үлкен дулығаның» ең көп трофейі швейцарлық Роджер Федерерде, ол аталған турнирлерді жеңген (20). Екінші орында испан Рафаэль Надаль (17) тұр. Бүгінгі жеңісінен кейін Джокович үшінші орынға нық жайғасты.

Айта кетейік, қос теннисші өзара 53 рет кездесіп, оның 28-де Джокович жеңіске жеткен. Ал, «Үлкен дулыға» турнирлерінде екеуі 15 рет кездесіп, тоғызында испан теннисшінің мерейі үстем болыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары