$ 443.16  480.39  4.94

Алексей Полторанин Альпі кубогін жеңіп алды

Қазақстанның шаңғы жарыстары командасының көшбасшысы Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өткен Альпі кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық шаңғышы классикалық жүріспен 15 қашықтықта жеңіске қол жеткізді. Полтораниннің мәреге 36:3.0 уақытта жетті. Екінші болып жарысты эстониялық Карел Таммъярв аяқтаған - 37:17.9. Үшінші орында Польша спортшысы Доминик Буры - 37:40.8.

Мәре сызығын барлығы 70 спортшы кесіп өтті. Айта кетерлігі, Альпі кубогы FIS-старттары жарысының бағдарламасына кіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары