$ 443.44  480.51  4.88

Бүгін Катарда бокстан әлем чемпионаты басталады

Катар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатына еліміздің 8 боксшысы қатысады, деп хабарлайды «Азаттық».

52 килограмм салмақ дәрежесі бойынша Биыл Азия чемпионы атанған Олжас Сәттібаев бірінші айналымда украиналық Игорь Сопинскиймен кездеседі.

Ал 60 килограмм салмақтағы Закир Сафиуллин алғашқы кезеңде ресейлік Адлан Абдурашидовпен рингке шығады.

Сондай-ақ, әлемдік рейтингте үздік үштікке енген Қайрат Ералиев (56 килограмм), Данияр Елеусінов (69 килограмм), Жәнібек Әлімханұлы (75 килограмм), Әділбек Ниязымбетов (81 килограмм), Василий Левит (91 килограмм) және Иван Дычко (+91 килограмм) жарысты екінші кезеңнен бастайды.

Атап өтерлік бір жайт, Дохадағы әлем біріншілігінде Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан төрт алтын, екі күміс және екі қола медаль алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары