$ 449.88  486.64  4.83

Назаров Әлем чемпионы атағын екінші мәрте қорғап қалды

Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен аралас жекпе-жектен ММА «KUNLUNFIGHT 4 CAGE SERIES» Әлем біріншілігінде Бейбіт Назаров осы турнирде өзінің «Алтын белбеуін» екінші рет қорғады, деп жазады baistars.kz. 

Турнирге 15 елден ең мықты деген 22 спортшы қатысты. Ол қарсыласы Massimo Capusello-ны 20 секунд ішінде жеңіп, алтын белбеуін қорғап шықты.

Бейбіт осыған дейін сәуір айында Алматыда өткен осындай Әлем біріншілігінде «KUNLUNFIGHT» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Кейін, көп ұзамай маусым айында Бейжің қаласында өткен кезекті әлемдік додада ол жергілікті сайыпқыран Бухао Тянды жеңіп, өз белбеуін бірінші рет қорғаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары