$ 495.2  522.34  4.94

Головкин Лемьеден қорқатынын айтты

Қазақстандық Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы жекпе-жегі қарсаңында ойынның қалай аяқталуына да әзір екенін атапекөрсеті, деп хабарлады Sports.kz.

Кездесу 17 қазанда Нью-Йоркте өтеді.

«Лемьеден бір пайыз ғана қорқамын, - деген Головкиннің сөзін келтіреді Boxing Scene. - 100 пайызға емес, 1 пайызға ғана. Мен қарапайым жігітпін. Барлығы кішкене жасқанады. Мен нокаутқа және төрешілердің шешіміне толық әзірмін. Қысқа ұрысқа әзірмін. Давид не ойласа да өзі білсін. Жанкүйерлер де не ойласа да өздері білсін.

Менің стилім алуан түрлі. Менің жаттықтырушым Абель Санчес әртүрлі стратегияны қарастыруда. Мен өзімді жақсы сезінемін және жанкүйерлерге сыйлық жасауға даярмын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары