$ 446.49  475.38  4.79

Әлем чемпионатының финалына 2 боксшымыз өтті

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына өтті.

Қазақ құрамасының капитаны әзербайжан боксшысы Парвиз Багировты айқын басымдықпен жеңді. Былғары қолғап шеберлері 69 келі салмақта сынға түскен. Есеп 3:0. Осылайша қазақ боксшысы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болды. Ал Лондон олимпиадасының жүлдегері Иван Дычко өзбек боксшысы Бахадүр Жалоловтан басым түсті. Енді финалда Данияр Елеусінов марокколық Мохаммад Рабимен жекпе-жекке шықса, Иван Дычко француз Тони Йокамен қолғап түйістірмек. Сайыс қазанның 14-15 күндері өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары