21.10.2015, 10:51

WBC президенті Головкиннің Котто - Альварес жеңімпазымен кездесуінің мерзімін атады

tengrinews.kz

Халықаралық бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман Котто-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы келесі кездесуін міндетті түрде Головкинмен өткізу керектігін тағы да айтты, - деп хабарлайдыVesti.kz.

«Котто-Альварес  жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасуы керек, - деді Сулейман. - Котто мен Альварес бокстың элитасы. Ал Головкин олармен бір деңгейде тұрғанын дәлелдеді. Бұл тарихта қалатын жекпе-жектердің бірі болады».

«Егер тараптар келісімге келе алмаса, WBC Котто-Альварес жеңімпазын Головкинге қарсы чемпиондық белбеуді қорғауды міндеттемейді. Келіссөздер жекпе-жек аяқталғаннан кейін бір аптадан соң басталады», - деді ол. Сулейман олардың арасындағы кездесудің келесі жылы наурыз немесе сәуір айында болатынын айтты.

Еске сала кетейік, Котто мен Альварес арасындағы кездесу 21 қарашада Лас-Вегаста өтеді.