$ 443.85  474.3  4.8

Данияр Елеусінов алтыншы жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады (ВИДЕО)

Олимпиада ойындарының чемпионы, кәсіпқой бокстан орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортисті жеңді.

Филадельфиядағы (Пенсильвания, АҚШ) Liacouras Center аренасында өткен жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған болатын. Кездесу толық 8 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Данияр жеңіске жетті.

Жетінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласына ауыр соққысын дарытып, оны нокдаунға жіберген болатын. Алайда, құлап бара жатқан боксшыны ұрғаны үшін өзі де ескерту алды. Рефери болса Ортистің есін жинауына біршама уақыт беріп, жекпе-жекті соңына дейін жеткізді.

Айта кетейік, 28 жастағы Данияр Елеусіновтің бұл кәсіпқой бокстағы алтыншы кездесуі. Жерлесіміз оның барлығында жеңіске жеткен (үшеуі нокаутпен). Ал, 36 жастағы Ортис болса 61 кездесу өткізіп, оның 24-де жеңілген екен. Қалған 37 жекпе-жекте қарсыластарынан басым түскен (18 нокаут).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары