$ 448.89  477.93  4.76

Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 15-жеңісіне қол жеткізді

Алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев 15-жеңісіне қол жеткізді.

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде Батыр мексикалық боксшы Хильберто Месумен (10-6-1, 6 КО) күш сынасып көрген болатын. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек нокаутсыз соңына дейін өтіп, төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ боксшысына берді.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокста 15 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен, 12-сі нокаутпен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары