$ 441.58  480  4.86

Қанат Исламның кезекті қарсыласы анықталды

Орта жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы қазақстандық боксшы Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Қазақстан ұлттық арнасы

Қанат Исламның бұл жолғы қарсыласы 34 жасар мексикалық боксшы –Алексис Камачо (21(19)-5(2)-0). Вoxrec.com сайтының хабарлауынша кездесу 7 қарашада АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында өтеді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, осыған дейін Қанат Ислам кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары