$ 443.44  480.51  4.88

Энди Лидде Геннадий Головкинмен кездескісі келеді

Орта салмақтан WBO тұжырымдамасы бойынша Әлем чемпионы, 31 жастағы ирландтық боксшы Энди Ли WBA (Super), IBF және WBC (Interim) чемпионы 33 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездескісі келетіндігін мәлімдеді, деп жазады khabar.kz

Алайда алдымен кезекті қарсыласы Билли Джо Сондерсті жеңуі тиіс. 

Естеріңізге сала кетейік, 19 желтоқсанда Манчестерде Энди Ли 26 жастағы британдық боксшы Билли Джо Сондерспен кездеседі деп күтілуде. 
«Маған және менің жаттықтырушым, менеджерім Адам Бута үшін Сондерспен жекпе-жек маңызды болып отыр. Өйткені Билли Джо Сондерс – қауіпті қарсыласымның бірі. Ол менің титулымды алып кетуі ықтимал. Әрине, Геннадий Головкин – орта салмақ бойынша басты жүлдегердің бірі. Головкинмен кездесу үшін алдымен мен Сондерспен жекпе-жекте жеңіске жетуім керек», – дейді Энди Ли.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары