11.04.2019, 03:48

«Канело» Головкинді және өзге де қарсыластарын қалай жеңгенін айтып берді

Мексикандық боксшы Сауль Альварес ненің көмегімен жеңіске жететінін айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен көп жекпе-жекке шықтым. Солардан тәжірибе жинадым. Бокста сен өзіңді үнемі шыңдайсың. Мен үйренемін және үйренген дүниелерімді пайдаланып  келемін. Мені кез-келген адам жеңіп шыққысы келеді. Бокста бәрі болады, сондақтан да мен қазір бұрынғыдан да көп жаттығатын болдым. Сол себепті де мені ешкім жеңе алмай келеді, ал мен жеңіп келемін», — деді «Канело».

Еске ала кетейік, Альварес кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкинмен екі рет жұдырықтасты. Алғашқы жекпе-жекте екеуі де тең түсті. Екіншісінде  «Канело» төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетті.