$ 494.87  520.65  4.91

Ерлан Серікжанов дзюдодан Азия чемпионы атанды

20 сәуір күні дзюдодан БАӘ-де Азия чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша ел қоржыны алғашқы алтынмен және тағы бірнеше медальмен толықты деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды сыйлаған балуан - Ерлан Серікжанов.

Серікжанов финалда 66 келіге дейінгі салмақта Елдос Жұмақанов күресуі керек еді. Алайда Жұмақанов иық жарақатына байланысты татамиге шықпады. Осылайша Ерлан Серікжанов алтын медальға ие болған.

Сонымен қатар Галбадрах Отгонцэцэг алтынға бір қадам жетпей қалған. Финалда ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қытайлық Янан Лиден жеңіліс тапты.

Аталған санаттағы тағы бір қазақстандық Ақмарал Науатбек бесінші болды.

Ерлер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақтағы қола медаль Ғұсман Қырғызбаевқа бұйырды.

Дзюдошымыз Шарафудин Лутфиллаевтан басым түскен.

Тағы бір қола медальді 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Севара Нишанбаева иеленді.

Осылайша, алғашқы жарыс күннің қорытындысы бойынша ел қоржынында бір алтын, екі күміс және екі қола медаль бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары