04.11.2015, 07:38

«Астана» УЕФА клубтық рейтингінде тоғыз сатыға көтерілді

Чемпиондар Лигасындағы «Атлетикомен» қарымта кездесуде тең ойын көрсеткен (0:0) «Астана» УЕФА  клубтық рейтингінде тоғыз сатыға көтерілді, деп жазды Sports.kz.

 

Бүгінде елордалық команда 10.475 ұпаймен 155-ші орында. «Атлетико» 121.914 көрсеткішімен бесінші орында.

Еске сала кетсек, 3 қарашада «Астана» өз алаңында азулы «Атлетикомен» тең ойнаған еді.