$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир мәресіне жетті

Шымкентте Сидней Олимпиадасының және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған бокстан жастар арасындағы VIII халықаралық турнир өтті.

Бір аптаға жалғасқан жарысқа Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан,Тәжікстан, Түркіменстан және Қазақстанның жастар құрама командалары қатысты. Турнирде жалпы 80-нен астам боксшы 10 салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Жеңіс күні мерекесімен тұспа-тұс келген шешуші бәсекеде нағыз мықтылар,өзіне сенімді болған шеберлер жеңіс тұғырына көтерілді.Жекпе-жектер барысында шетелден келген құрама командалардың жетекшілеріне қазақтың дәстүріне сай шапан жауып құрмет көрсетілді.

Жеңімпаздарды елге танымал спорт майталмандары марапаттадыТурнир жеңімпаздары енді қарашада Моңғолияда өтетін Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтынын айта кетейік.

Жарыс қорытындысы төмендегідей:

49 келі 
1.Мұхамедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан)
2.Бекзат Амангелдинов (Қазақстан)
3.Лука Кублашвили (Грузия)
3.Юлдашев Аводжон (Өзбекстан)

52 келі
1.Талғат Сырынбетов (Қазақстан)
2. Бейбарыс Пернебек (Қазақстан)
3.Қайтберді Аманбаев (Қазақстан)
3.Мырзахалилов Мырзобек (Өзбекстан)

56 келі
1. Бейбарыс Жексен (Қазақстан)
2.Асхат Тастанбек (Қазақстан)
3.Тезек Темірхан (Қазақстан)
3.Таңқай Ерасыл (Қазақстан)

60 келі 
1.Айтжан Әшірхан (Қазақстан)
2. Рахматолла Тошпулатов (Өзбекстан) 
3.Сабыржан Аққалықов (Қазақстан)
3.Дүйсенбек Жансерік (Қазақстан)

64 келі
1.Жавлонбек Йулдашов (Өзбекстан)
2.Дархан Дүйсебай (Қазақстан)
3.Шукур Овезов (Түркіменстан)
3.Диас Молжігітов (Қазақстан)

69 келі
1.Марғұлан Айдарұлы (Қазақстан)
2.Мәди Алтынбеков (Қазақстан)
3.Илья Киселев (Қазақстан)
3.Бектас Азамат (Қазақстан)

75 келі
1.Ерасыл Жакпеков (Қазақстан)
2.Комилжан Юсуповты (Өзбекстан) 
3.Гуцаев Гиорги (Грузия)
3.Азаматулуу Айдар (Қырғызстан)

81 келі
1.Қуандық Мақсұт (Қазақстан)
2.Құрал Бақдәулет (Қазақстан)
3. Тоқтағұлов Абдулхамит (Қазақстан)
3.Шохжохон Абдуллаев (Өзбекстан)

91 келі
1.Сағындық Тоғамбай (Қазақстан)
2. Нұрмағамед Юсупов (Қазақстан)
3.Бақдәулет Абдуллаев (Қазақстан)
3.Нематов Мұхамедқадыр (Өзбекстан)

+91 келі
1.Аманат Сабырғали (Қазақстан)
2.Георгий Акушев (Қазақстан)
3. Шахрух Алматов (Өзбекстан)
3. Айтмұрза Нұржігіт (Қазақстан)

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары