Бүгінгі таңда Шымкентте ұзын-ырғасы 40 велостанция жұмыс істейді. Және болашақта велостанциялар саны одан да арта түспек. Айта кетерлігі, «Shymkent» ӘКК және «Velocity.kz» қоғамдық қоры «Shymkentbike» жобасы аясында Шымкенттің велоинфрақұрылымын дамыту стратегиясын әзірлеу келісіміне келген болатын. Тәжірибелі мамандар қала орталығына, инфрақұрылымға және қажет жерлерде велостанциялар мен велосипедтерді орнату мүмкіндіктеріне кешенді, жан-жақты талдау жүргізеді және велопрокат жобасын одан әрі дамыту тұжырымдамасын жасайды. Сарапшылар «Велосипедпен жаппай әуестену қала экологиясын жақсартады, көшелердің автокөлік жүктемесін төмендетеді, туристерді тартады және шағын бизнесті ынталандыра отырып, экономикаға оң әсер етеді» деп отыр.
«SN.kz»-ақпарат.