«Басты кезекте өзіміздің ұлттық құндылығымыз – қазақ күресіміз, тоғызқұмалақ, ат спорты түрлерін дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Осындай жарыстар арқылы мықты деген спортшыларды таңдап, әлемдік аренаға шығарамыз» дейді Шымкент қаласы спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев.
Кубоктың алғашқы күні жарыс жолына 4 салмақ дәрежесіндегі спортшылар шықты. Ал үшінші мегаполис намысын Шымкент барысы мен Қазақстан барысына қатысушылар қорғаған болатын. Бірақ жерлестеріміздің ешбірі жүлделі орындарға іліге алмады. Ал жарыс жеңімпазы Әбдіқасым Сахан «Жеңеміз деп келдік. Бүгін жеңімпаз болып жатырмыз. Қарсыласымды ақтық сында жамбас ұпайымен ұттым. Қарсыласым – мықты палуан» деп, жеңіс тұғырына көтерілгеннен кейінгі әсерімен бөлісті.
«SN.kz»-ақпарат.