Спорт 21.05.2019 сағат 09:10

Шымкентте оқ атудан үш бірдей жарыс басталды

Оқ атудан Шымкентте үш бірдей жарыс басталды. Атап айтсақ, жазғы спартакиада, универсиада мен қаланың ашық кубогы. Айта кетейік, қатысушылар саны биыл рекордтық көрсеткішке ие. Барлығы да еліміздің әр аймағынан бас қосқан мергендер.
Шымкентте оқ атудан үш бірдей жарыс басталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жарысқа жиналған мергендердің жалпы саны — 250. Олар 5 спартакиада, 10 универсиада мен Шымкент қаласының ашық кубогында бақ сынауға келген. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бөлек, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облысының өрендері өзара мықтыны анықтау үстінде.

Александр Хайсанов, жарыстың бас төрешісі: «Бүгінгі таңда шымкенттіктердің жарыстағы көрсеткіші көңіл қуантарлық. Айта кетейік, осы уақытқа дейін болған командалық жарыстардың ешбірінде жерлестеріміз сәтсіз өнер көрсеткен емес. Сондықтан да осы дәстүрдің биыл да бұзылмауын тілеп отырмыз».

Күні кеше әлемдік аламанды аяқтаған шымкенттіктер осы жарысты дайындықсыз бастап кеткен. Өкінішке орай, жерлестеріміз ешқайсысы Кореядағы жарыста жүлделі орынға қол жеткізе алмаған. Әйтсе де, құр алақан қайтқан мергендердің бар жұбанышы Әлем кубогына берілген жолдама.

Әсем Орынбай, жарыс қатысушысы: «Қазіргі таңда ҚР 5 спартакиадасы болып жатыр. Жарыс өте жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Қарсыластарым өте мықты. Бәрі керемет. Жарыстың бірінші күні бұл. Әлі екінші күн бар. көрсеткіш жаман емес».

Апта басында жалауын көтерген жарыс 27 мамырға дейін жүйріктер есімін анықтайды. Ал, сәтті өнер көрсеткендер алдағы Әлем чемпионаты мен Азия чемпионатына дайындықты бастайды. Еске сала кетейік, маусымның басты жарыстары күздің бірінші айында басталады.

«SN.kz» - ақпарат»

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар