«Стандартты» қашықтықтағы жарыс үш кезеңмен өтеді. 1500 метр жүзу + 40 шақырым веложарыс + 10 шақырым жүгіру бойынша сында жалпы 300-ге жуық кәсіби спортшы бақ сынайды. Қазақстанда триталон спорты мен салауатты өмір салтын дамытуды мақсат тұтқан дода Шымкент қаласының әкімдігі мен «СПК Шымкент» АҚ-ның, Қазақстан Респбликасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Шымкент қаласының триатлон федерациясының, Қазақстан триатлон федерациясының ұйымдастыруымен өткізілмек.
Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі. Аталған жарыстың техникалық делегаты – Ms. Kyung Sook Kim (KOR).
Байрақты бәсеке «Жайлаукөл» саябағы мен «Наурыз» алаңында 2 күнге жалғасады.
«SN.kz»-ақпарат.