$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент: Триатлоннан Азия кубогі мәресіне жетті

Шымкент қаласындағы ауқымды спорттық сайыс өз мәресіне жетті. 34 ер мен 11 әйел спортшы өзара кім мықтыны анықтап, Азия кубогін сарапқа салды.

Саңлақтар 2 сағатқа жуық уақытта 1500 метр қашықтықты жүзіп өтіп, 40 шақырымды велосипедпен артқа тастады, мұнымен қоса 10 шақырым жолды жүгіріп өтті. Аталмыш сында ерлерден алғашқы болып мәреге сербиялық Огнжен Стоянович жетіп, чемпион атанды. Екінші орын – отандасымыз Аян Бейсенбаевтың еншісінде. Ал австриялық спортшы Лукас Гсталтнер байрақты додада үшінші орынға ие болды.

Қыздар да бұл сында керемет ойын көрсетті. Мәреге румыниялық Манак Антонелла жетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал екінші орын Оңтүстік Кореяның намысын қорғаған Юн Джен Чанға бұйырды. Үшінші болып мәреге сызығын басқан Халықаралық триатлон одағының спортшысы Арина Шульгина болды.

Айта кетейік, ертең 26 мамыр күні әуесқойлар арасында "TEMIRADAM" атты ел чемпионаты өтеді. Оған 77 атлет пен 2 команда қатысуға ниет білдіріп отыр.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #Азия