$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте «Shymkent Astc Triathlon» Азия кубогі басталды

Шымкент қаласына Қазақстан, Өзбекстан, Сербия, Словения, Австралия, Жапония, Гонконг, Люксембург, Сирия, Франция, АҚШ пен Оңтүстік Кореядан 55 спортшы жиналды. Азия кубогінің ашылу салтанатына шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

- Ең алдымен Қазақстан триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімовтың құттықтауын жеткізуге рұқсат етіңіздер! Шырайлы шаһарымызға қош келдіңіздер! Спортшыларымыз жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп сенім білдіремін. Нағыз мықты жеңіске жетсін!, - деді қала әкімі.

Азия кубогін құрамында 35 ел бар Азия Триатлон Конфедерациясы ұйымдастырып отыр. Триатлон спорты мен салауатты өмір салтын дамыту мақсатында өтетін Азия кубогін ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Шымкент қаласының триатлон федерациясы, Қазақстан Триатлон Федерациясы ұйымдастырып, Шымкент қаласының әкімдігі және «Шымкент» ӘКК» АҚ қолдау көрсетіп отыр.

Сайысқа қатысушылар 1500 метр қашықтықты жүзіп өтіп, 40 шақырымды велосипедпен бағындырады, тағы 10 шақырым жолды жүгіріп өтуі тиіс.

Айта кетерлігі, 26 мамыр күні әуесқойлар арасында триатлоннан ел чемпионаты да өтпек. Онда 77 атлет пен 2 команда бақтарын сынайды.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары