11.06.2019, 12:19

15 млн доллар: Головкиннің табысы қанша?

Фото: Fightnews.info
GGG-дің кепілдік сомасы 2 миллион болуы тиіс еді, дегенмен қазақстандықтың жалпы табысы 15 млн долларды құрап отыр.

ESPN тілшісі Дэн Рафаэль орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) 8 маусымда өткен канадалық боксшы Стив Роллспен (19-1, 10 КО) жекпе-жегі үшін қанша табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

GGG-дің кепілдік сомасы 2 миллион болуы тиіс еді, дегенмен қазақстандықтың жалпы табысы 15 млн долларды құрап отыр.

Сондай-ақ, Роллс 300 мың доллар көлемінде қаржы алды.

Еске салайық, айқас Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтті. Головкин қарсыласын төртінші раундта нокаутпен жеңген болатын.