$ 444.32  473.33  4.76

Шымкент қаласында Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Шымкент қаласында екі бірдей Олимпиада қатысушысы Әлия Юсупованың жүлдесі үшін ұйымдастырылған көркем гимнастикадан халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыста қазақстандық Роза Абитова жеңімпаз атанғанын айта кеткен жөн.

Аталмыш халықаралық турнир бірнеше жас санатында өтті. Турнирге бірнеше мемлекеттен жас атлеттер келіп, қатысушылардың жалпы саны 100-ден асты. Негізгі категорияда - «сеньорлар» - алты елден келген 17 гимнаст бақ сынады. Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Украина өкілдері медальдар үшін өзара сынға түсіп, керемет өнерлерімен қала тұрғындарының, қала қонақтарының көңілінен шыға білді деп айтуға болады.

Енді, жарыс нәтижесінде келсек, 74,55 ұпай жинаған отандасымыз Роза Әбітова жеңіске жетті. Белаорусиялық Анна Каменщикова 70,8 баллмен күміс медальді жеңіп алса, Өзбекстан атынан сынға түскен Наргиза Джуманиязова 63,6 ұпай иемденіп, тұғырдың үшінші сатысынан көріне білді.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары