$ 448.89  477.93  4.76

Шымкентте теннистен «SHYMKENT ATP CHALLENGER» халықаралық турнирі басталды

Шымкент қаласында Қазақстан теннис федерациясы, Халықаралық теннис федерациясы бірлесе ұйымдастырған «Shymkent ATP Challenger» Халықаралық теннис турнирі жалауын көтерді. Жарыстың жүлде қоры 50 000 АҚШ долларынан асады және жарысқа қатысу үшін 25 астам елден 100 жуық кәсіпқой ойыншы тапсырыс берді.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай құттықтау сөзімен ашты. Бұдан соң Теннис федерациясының вице-президенті, ұлттық құрама капитаны Диас Досқараев спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар жарысты әлемдік дәрежеге сай ұйымдастыра білген Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаевқа алғыс білдірді.

Осы дода алдында 9 маусымда Шымкенттегі Ұлттық теннис орталығында Қазақстанның ұлттық құрамасына кіретін отандық теннис жұлдыздарының қатысуымен балаларға арналған шеберлік сабағы өткізілді. Андрей Голубев, Александр Недовесов, Достанбек Ташбулатов, Тимур Хабибулин, Денис Евсеев, Григорий Ломакин сияқты атақты спортшыларымыз балалармен бірге жаттықты. Турнир 16 маусымға дейін жалғасады.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары