«Турнирдің басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру» дейді ұйымдастырушылар. Биыл «Жастар жылы» болғандықтан, Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығы спорттық жарыстарды көптеп ұйымдастыруда. Соның бірі – бүгінгі кіші футбол додасы.
«Жастар ресурстық орталығы салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу мақсатында көптеген жобаларды қолға алуға әрдайым дайын. Біз қазір біртіндеп кіші футболдан турнирді бастадық. Енді велосипед шерулерін ұйымдастырсақ па деген жоспарымыз бар» дейді Жастар ресурстық орталығы бөлімінің басшысы Қамбар Жани.
Ойынның алғашқы кездесуін «Автонұр» базарының футбол командасы мен «Қазыбек» базарының жастары қыздырды. Алаңға шыққаннан «Автонұр» командасы ойынды бірден өз тізгіндеріне алды. Жақсы дайындықпен келгендерін көрсетіп, 5:1 есебімен «Қазыбек» базарының жастарын ойсырата жеңді.
Жарысқа сондай-ақ «Алаш», «Бекжан», «Автонұр», «Қазыбек», «Самал» және «Айна» сауда орындары және «Бозарық» шағынауданы командалары қатысты. Турнир нәтижесі бойынша І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар анықталды. Сонымен қатар «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» номинациялары да қарастырылған. Жарыс жеңімпаздарына демеушілер есебінен алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталады.
«SN.kz»-ақпарат.