Байрақты бәсекеге Израиль, Қырғызстан, Ресей, Белоруссия, Өзбекстан, Украина, Әзірбайжан мемлекеттері мен еліміздің құрама сапынан жалпы саны 100-ге жуық гимнастшы қатысып жатыр. Гимнастшылар төрт жас категориясында өнер көрсетеді, ал сеньорок категориясында «Турнирдің ең мықты гимнастшысы» атағы үшін 17 мықты гимнастшы өнер көрсетпек.
Жарыстың құрметті қонақтары – Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Анастасия Близнюк, әлем және Еуропаның 10 дүркін чемпионы Ольга Капранова, әлем чемпионаттарының төрт дүркін чемпионы, әлем кубогының гран-при жүлдегері Дарья Кондакова. Дүбірлі дода алдындағы салтанатты концертте Анастасия Близнюк өнер көрсетті.
«SN.kz»-ақпарат.