$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте бокстан жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнир аяқталды

Шымкент қаласында бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының ашық біріншілігі аяқталды. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мырзағали Айтжановтың жүлдесіне арналған турнирде бақ сынаған 20 салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар анықталды.

Бокс бәсекесі республикамыздың барлық аймағынан келген боксшылар апта бойына мықтыларды анықтады. Үш жас ерекшелігі бойынша өткен додалы жарыста жалпы командалық есепте Түркістан облысының былғары қолғап шеберлерінің мерейі үстем болды. Олар, 5 алтын, 3 күміс, 1 қола медальді еншілеп, топ жарды. Екінші орын 4 алтын медальді олжалаған Шымкент қаласының боксшыларында.  Ал, үшінші орынды 3 алтын медальге қол жеткізген Жамбыл облысының спортшылары иеленді.

Турнирде үздік деп танылған бірқатар боксшылардың есімдері белгілі болды. Олардың қатарында 42 келіде өнер көрсеткен қарабастаулық Елнұр Қаржаубаев, Нұрбақыт Күмісбеков, 28 келіде сынға түскен түркістандық Нұрай Байқонаров сынды өрендер бар.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #Бокс