$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте еркін күрестен Түсіпхан Сайхановты еске алуға арналған турнир өтті

Еркін күрес спортын дамытуға айырықша үлес қосқан белгілі бапкер, халықаралық дәрежедегі төреші Түсіпхан Сайхановты білмейтін жан кемде-кем. Халықаралық дәрежедегі төрешінің артында қалған ұрпағы әке рухын еске алуға арналған турнир ұйымдастырды. Халықаралық турнир Шымкенттегі жеңіл атлетика спорт кешенінде өттті.

«Қазақстан спортына еңбегі сіңген қайраткер» Түсіпхан Сайхановты еске алуға арналған турнир халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Байрақты бәсекеге 220 астам  балуан қатысуға өтініш білдіріпті. Оған көршілес мемлекеттің өкілдері де қатысып, бақтарын сынауда. Саян Мекембаев басқаратын олимпиада мектебі бас болып өткізіп жатқан жарыстың алғашқы жеңімпаздары да анықталды. Түсіпхан ағамыз бапкер ретінде Геннадий Лалиевті жаттықтырып Афина  олимпиадасы  ойындарының күміс медалін жеңіп алған болатын. Басшы ретінде қалалық олимпиада мектебінен әлемдік дәрежедегі спортшылар тәрбиеледі.Еркін күрестен басқада ескек есуден де облысымызда  шеберлер мектебін  қалыптастырды.

«Жарысқа  250-ге  жуық бала  қатысты.  14-15  жастағы   балалар  үшін  мұндай  жарыстың  маңызы  зор. Әлем, олимпиада  чемпиондары  осындай  жарыстардан  шығады» - дейді еркін күрестен әлем чемпионы Нұржан Қатаев. Турнирдің  ашылу рәсімінде Түсіпхан Сайхановтың ұлы еркін күрестен ел чемпионы Дәурен Сайханов спортшыларға табыс тіледі. Құрама мүшесі ретінде, даңқты балуан,бұл күнде «Ордабасы» футбол клубының  президенті Нұржан Қатаев сынды дара спортшылардың танылуына септігін тигізді. Жарысқа оның жүздеген шәкірттері қатысты. Үш күнге созылған спорт додасының қорытындысында Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды. Өзбекстан екінші болса қырғыз балуандары жүлделі үшінші орыннан көрінді. Жеңімпаздарды турнир қонақтары марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары