$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте Қазақстан Полициясы күніне орай ардагерлер арасында спорттық сайыс өтті

Шымкент қаласы «Ақарыс» стадионында Қазақстан полициясының 27-жылдығына арналған Ардагерлер арасында шағын футболдан және шахматтан спорттық жарыс өткізілді.

Салауатты өмір салтын ұстану, уақытты ұтымды пайдалану, ұйымшылдық пен ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында жарысқа 6 команда қатысты. Бұл күні спорт кешеніндегі теңбіл допқа құмар ойыншылар арасында өте тартысты ойын болды. Сонымен қатар, олардың бойындағы спортқа деген құмарлық, жеңіске деген талпыныс және спортшылар жүзіндегі достық көңіл күй қатты қуантты.

Жарыстың нәтижесінде шағын футболдан: 1 орынды Әл-Фараби аудандық ардагерлер құрамасы, 2 орынды Шымкент қаласы Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының ардагерлері иеленді. Сондай-ақ, «Үздік қақпашы» - Сапар Әлсейтов (Шымкент қаласы Б. Момышұлы атындағы оқу орталығы), «Үздік шабуылшы» - Алмас Дүтбаев (Абай ауданы), «Үздік қорғаушы» - Бабыржан Полатов (Әл-Фараби ауданы) атанды. Шахмат жарысы бойынша: 1 орын – Шымкент қаласы жедел басқарма Ардагерлері, 2 орын - Шымкент қаласы Абай ауданының Ардагерлері, 3 орын – Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Ардагерлері иеленді.

«SN.kz» - ақпарат»

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары