Іс-шараға 100-ге жуық жасөспірімдер спорттық жарысқа қатысып, өздерінің бос уақыттарын тиімді ұйымдастырды. Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсаты – балалардың бос уақытын дұрыс пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, жылдамдыққа, ептілікке дағдыландыру. Жасөспірімдер арасындағы спорттық жарыс бірнеше спорт түрінен өткізілді.
Атап айтар болсақ: футбол, теннис, суда жүзу эстафетасы. Жарысқа қатысушы балалар болса, полицейлер ұйымдастырған жарыста өздерінің спортқа жақын екендіктерін көрсетіп, барлық сайыстарда белсенділік танытты. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті қадағалап жүретін, қылмыстарды болдырмау аясында қызмет етіп жүрген полицейлерді мерекелерімен құттықтап, өз алғыстарын білдірді. Жарыс нәтижесінде жеңімпаз командаларға «Алғыс хаттар» ұсынылып, бағалы сыйлықтар табысталды.
«SN.kz» - ақпарат»