$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жасөспірімдер арасында теннистен турнир басталды

Шымкентте теннистен жасөспірімдер арасындағы «Қазақстан кубогі» төртінші командалық біріншілік басталды. Еліміздің барлық аймағынан келген спортшылар өзара мықтыларды анықтайтын болады.

Бұл турнирге Қазақстанның 13 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаладан  командалар  келді. 150- ге тарта теннисші өз аймақтарында  үздік  атанып,осы уақытқа дейін талай теннис додасын қыздырған саңлақтар. «Мен тенниспен айналысып жүргеніме үш жыл болды. Алдыңғы жылы Қазақстан күбогіне қатысқан едім. Мен тенис спортымен еліміздің талай қаласын аралап шықтым» - дейді жарысқа қатысушы Иманғали Рақымбаев. Ал тағы бір қатысушы Әлімжан Сайлау «Маңғыстау облысынан келіп отырымын. Және де мен жарысқа келіп отырғаныма өте қуанышты болып тұрмын. Тенниспен айналысқаныма 3-4 жыл болып қалды» - дейді.

Бұл жолғы жүлде қоры да қомақты. Бағалы сыйлықтардан бөлек жеңімпаз командаларға 15 мың АҚШ  доллары  табысталатын болады. Спорттың бұл түріне биліктің де ықыласы ерекше –дейді Шымкент қалалық теннис мектебінің директоры. Мақсат Князев – Шымкент қалалық тенис мектебінің директоры: «Тенис спортымыз қарқынды дамып келеді. Қалалық әкімдіктен спорт басқармасының үлкен көмек берілуде. Қазақстан республикасының тенис федерациясы атынан үлкен алғысымызды білдіреміз».

Түрнир үш күнге жалғасады. Әзірге спортшылар мен төрешілер ойынды  әділ өткізуге ант етіп, жарысты бастап кетті. Кімнің бағы жанып, кімнің бабы шабатыны алдағы ойындарда белгілі болмақ.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары