$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік «Ордабасы» футбол командасы «Астананы» 3-2 есебімен жеңді

Футболдан премьер лига командаларының 15-ші турдағы ойындары өтті. Шымкенттегі Қажымұхан атындағы орталық стадионда «Ордабасы» командасы ел чемпионы «Астананы» қабылдап 3-2 есебімен ұтты. Алғашқы голды өз мектебімізден тәрбиеленіп шыққан Мардан Төлебек салды.

Екі команданың да футболшылары аянып қалмады. Кездесу бастала салысымен алаң иелері екі бірдей гол салғанымен төреші есепке алмады. Дегенмен «Ордабасы» футболшылары алған бағытынан танбады. Ойынның 27 минутында Мардан Төлебек әуелете берілген допты тамаша голға айналдырды. Есеп 1-0. Арада аз уақыт өтпей алаң иелері есепті ұлғайтты. Тағы да Мардан Төлебек шеберлігімен танылды.  Оның айып алаңында тұрған Мирзад Меxановичке шығарған добын Мирзад қақпаға дәл бағыттады. Есеп 2-0. "Ордабасы" шабуыл шебіне көп қызығып қорғанысты ұмыт қалдырғандай болды. Осыны көре білген Ротариу бұрыштамадан қайтқан допты іліп алып, жеке шыққан Марин Томасовқа шығарды. Қақпашы мен жеке қалған Маринге Дмитрий Непогодовты алдап өту аса қиындық туғызбады. Есеп 2-1.

Екінші тайм алан иелерінің жойқын шабуылымен басталды. Осындай сәтте Мирзад Миxановичтің шығарған добын Тоқтар Жанқылышбай баспен бағыттап есепті 3-1 жеткізді. Ойынның аяқталуына 15 минут қалғанда Сергей Малый екінші алған ескертуі салдарынан ойыннан қуылды. Он ойыншымен қалған алаң қожайындары бір сәт абдырып қалғандай болды. Осындай сәтте Роман Муртазаев жеке дара барып баспен бағыттап есеп айырмасын 3-2 қысқартты. Бұдан соң да қанша мамүмкіндіктер болды. Қақпашы Дмитрий Непогодовтың ептілігінің арқасында осы есеп ойын соңына дейін сақталып қалды. Жанкүйерлермен бірге матчты тамашалап отырған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов футболшыларға ризашылығын білдірді. Енді «Ордабасы» өз алаңында басты қарсыластарының бірі «Қайсарды» қабылдайды.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары