Таэквондадан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Шымкенттегі «Биік» спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Осы жиыннан соң Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталады.Қалалық олимпиада резервін даярлау орталғының бастамасымен өтіп жатқан спортшылар жиынында дайындық қызу. Оларға баға беруге оннан аса облыстан спорт шеберлері де шақырылған.
Спортшылардың дайындығы мен олардың денсаулығын толық тексеру үшін арнайы мамандар көмектесуде. Өткен жылы Аргентина олимпиадасына қатысып бесінші орын алған талантты қыз Әсел Усманова өзінің мықтылығын дәлелдеді.Ол Бауыржан Тұманбаев басқаратын олимпиада резервін даярлау орталығының атынан сынға түседі. Ерлер арасында Даурен Шамсат пен Әбдирахман Мариповтен мамандар медаль күтіп отыр. Осыдан соң құрама Йорданияның Оман қаласында өтетін Азия чемпионатына аттанады.
«SN.kz» - ақпарат»