$ 439.43  473.31  4.82

Қазақстандық боксшы Майк Тайсонды нокаутқа түсірген Уильямспен жұдырықтасады (ВИДЕО)

Бұл ағылшындық боксшы чемпиондық кездесуде ағайынды Кличколарды да жеңген екен.

QAZAQ Promotions-тың хабарлауынша, Алматы қаласында 5 шілде күні Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында бокс кеші өтеді. 

Шарада бірнеше боксшылардан бөлек, шетелдік спортшылар да өнер көрсетеді. Олардың арасында аты аңызға айналған Майк Тайсонды 2004 жылы нокаутпен ұтқан Дэнни Уильямс та (53-26-0, 40КО) бар. Бұл ағылшындық боксшы чемпиондық кездесуде ағайынды Кличколарды да жеңген екен. 

Ағылшындық Дэнни Уильямс қазақстандық Руслан Мырсатаевпен (5-0, 5КО) кездеседі. 

Еске сала кетейік, бокс кешінің басты кездесуі Қанат Ислам (25-0, 20КО) мен доминикандық Хулио де Хесус (28-1, 27КО) арасында өтеді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары