Азия ойындары мен ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы, сондай-ақ, каратэден әлем чемпионатының жүлдегері Дархан Асаділов осылайша өз салмағында бірінші орынға шықты. Ол италиялық Анджело Кречензо мен франциялық Стевен Дакостаны артта қалдырғанын айта кеткен жөн.
Шымкент қаласының тумасы Дарханның маусым айында Қытай елінің Шанхай қаласы мен Канада елінің Монреалда қаласында өткен Премьер-лига және А сериясы аясындағы турнирде топ жарған болатын. Асаділовтің бұл жетістігі рейтингте көш бастауға зор мүмкіндік берді.
Еске сала кетейік, каратэден Олимпиада ойындарына лицензия тарататын жарыстар тізбегі келесі жылдың мамырына дейін жалғасын таппақ. Олимпиадалық салмақ дәрежелерінде үздік төрттіке енген спортшылар Токиода өтетін Олимпиада ойындарына тікелей жолдама алатын болады.
«SN.kz» - ақпарат»