Қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) мен доминикан Хулио де Хесус арасындағы Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегі алғашқы минутта-ақ аяқталды.
Ислам алғашқы секундтардан шабуылға шығып, бір-екі қуатты соққысымен қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді, деп хабарлады sputniknews.kz Sports.kz-ке сілтеме беріп. Осылайша жекпе-жек бар-жоғы 10 секундқа созылды.
Бұл жеңіс Қанатқа бірінші орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпионының бос тұрған титулын әкелді.
Қазақ боксшысы кәсіпқой бокста 26 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Хулио де Хесус екінші рет жеңіліске ұшырады.