$ 446.49  475.38  4.79

Қырымбек Көшербаев Александр Зайчиковке 3 бөлмелі пәтер берді

Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев зілтеміршілер Александр Зайчиков пен Алмас Өтешовты қабылдап, құрмет көрсетті.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан Америка Құрама Штатының Хьюстон қаласында өткен әлем біріншілігінде қос қызылордалық жеңіспен оралды. 94 келіде Алмас Өтешов күміс жүлдегер атанса, 105 келіде Александр Зайчиков алтыннан алқа тағынды.

- Спортшының жетістігі – елдің мерейі. Қазақстан чемпионаттары мен Әлемдік аренада атой салып, ел намысын қорғап жүрген спортшыларымыз да жетерлік. Биылғы жылы облыс спортшылары Қазақстан чемпионаттарында 461 жүлдені иеленсе, Әлем, Азия біріншіліктерінде қоржынға 40 жүлде салды. Өздеріңіз білесіздер, шет мемлекеттерде тек екі жағдайда біздің Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалады. Бірі - Елбасы сол елге барған кезде, екіншісі - спортшымыз жеңіске жеткен сәтте. Хьюстонда өткен әлем чемпионатында мерейімізді асқақтатқан қос қыранымызға алдағы үлкен додада сәттілік тілеп, тіл-көзден аман болыңыздар, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Қос спортшы өздеріне көрсетіліп жтқан құрметке ризашылықтарын білдіріп, келер жылы Бразилияда өтетін Олимпиадада жеңіске жету үшін жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

Кездесу барысында Александар Зайчиковке үш бөлмелі пәтер кілті және 2 млн. теңгенің сертификаты, ал Алмас Өтешовке 1,5 млн. теңгенің сертификаты табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары