$ 443.37  474.49  4.83

Грек-рим күресінен ОҚО командасы Қазақстан кубогын иеленді

Ақтөбеде өткен Қазақстан Кубогы грек-рим күресінен командалық сынақта оңтүстіктің құрамасы бас жүлдеге ие болды.

Командалық сайысқа еліміздің 11 аймағының құрамасы қатысты. Жарыстың алғашқы күнінде топтық кезеңде үздіктер анықталып, өз топтарынан Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облысының командалары суырылып шықты. Аталған үш ұжым жүлделерді өзара сарапқа салып, нәтижесінде жерлестеріміз 5:3 есебімен жеңіске жетті. Грек-рим күресінің командалары төмендегідей орналасты:

1.Оңтүстік Қазақстан облысы;

2.Ақтөбе облысы;

3.Қарағанды облысы;

4.Алматы облысы;

5.Атырау облысы;

6.Павлодар облысы;

7.Астана қаласы;

8.Қостанай облысы;

9.Маңғыстау облысы;

  1. Алматы қаласы;
  2. Жамбыл облысы.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары