14.07.2019, 16:14

Геннадий Головкин ең бай спортшы атанды

Фото: Sputniknews.kz
Биыл GGG 25,5 млн доллар табысқа қол жеткізген.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2019 жылдың ең табысты 100 спортшының қатарына кірді. Бұл туралы ақпаратты Forbes журналы жариялады, деп жазады Sports.kz

Биыл GGG 25,5 млн доллар табысқа қол жеткізген. Яғни канадалық Стив Роллспен болған жекпе-жектен ол 23,5 млн доллар көлеміндегі гонорар талған. Оған қоса демкушілер 2 миллион доллар табыс түсірген.

Сөйтіп Головкин әлемнің ең табысты спортшыларының арасында 95 орынға жайғасты. Осылайша ол посткеңестік кеңістіктен бұл рейтингке кірген жалғыз қазақстанды спортшы атанды.