Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов Instagram парақшасында жариялады, деп жазады holanews.kz.
«Шавкат Рахмонов UFC-мен келісім шартқа қол қойды және үздік ММА ұйымымен келісім шартқа отырған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде тарихқа кіреді. Дебют қарашаға жоспарланған. Шавкат алғашқы болды, бірақ UFC-дегі біздің еліміздің соңғы өкілі болмайтынына сенімдімін», - деді Саят Абдрахманов.
24 жастағы Шавкат Рахмонов ММА-дағы 12 шайқасының барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Кәсіби рингте ол 2014 жылдың қараша айында дебют жасады. Осы жылдың наурыз айында Шавкат Рахмонов Данил Приказды нокаутқа жіберіп, M-1 Global атағын жеңіп алды. Ал маусым айында бразилиялық спортшыны техникалық нокаутпен жеңіп, атағын қорғап қалды.