Британиялық промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі күзде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Хирн Головкин 5 қазанда Лос-Анджелесте шаршы алаңға оралуы мүмкін екенін айтты», - деп жазды Бенсон Twitter-дегі парақшасында.
Эдди Хирн бір жылдан бері DAZN стримингілік жүйемен жұмыс істеп келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 8 маусым күні Нью-Йорк қаласында өткізіп, канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) жеңген болатын.