$ 445.66  474.58  4.78

Канадалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын «Боратша киіндіріп» қойды

Отандық боксшының қарсыласы Стюард Макклелан (27-3-3, 11КО) екені белгілі болды.
Фото: myseldon.com
Фото: myseldon.com

17 тамыз күні Лос-Анджелесте шаршы алаңға шығатын отандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлын канадалық қарсыласы «Боратша киіндіріп», өз жанкүйерлеріне таныстырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орта салмақта өнер көрсететін WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері - Әлімханұлы 17 тамызда кезекті рет жекпе-жек өткізеді.

Отандық боксшының қарсыласы Стюард Макклелан (27-3-3, 11КО) екені белгілі болды.

Канадалық боксшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жанкүйерлеріне Жәнібекті таныстырып, 17 тамызда жекпе-жекке шығатынын хабарлаған.

Алайда Стюард өзі жариялаған фотода қазақстандық қарсыласын «Борат» кейпінде көрсеткен екен.

Ал Жәнібек Әлімханұлының командасы болса, боксшының өтуіне бір апта қалған кездесуге қалай дайындалып жатқанын көрсетті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары