$ 448.15  483.46  4.86

Сағадат Рахманқұлов мексикалықты нокаутқа жіберді

Ол бесінші раундта Ривереге бірнеше ауыр соққы жасады.

Мексиканың Тихуана қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Рахманқұловтың (5-1, 3 КО) қатысуымен жекпе-жек кеші өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Top Rank-тағы боксшымыз кәсіпқой рингте 42 рет жеңіске жеткен мексикалықты нокаутқа түсірді. Оның қарсыласы – 43 жастағы тәжірибелі спортшы Косме Ривера (42-28-3, 29 КО). Жартылай орта салмақтағы сегіз раундтық айқас бесінші раундта Рахманқұловтың жеңісімен аяқталды. Ол бесінші раундта Ривереге бірнеше ауыр соққы жасады. Бұдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, С. Рахманқұлов профи-рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның төртеуін нокатупен аяқтаған. Ал Ривера үшін бұл - мансабындағы 29-ыншы жеңіліс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бокс