$ 494.87  520.65  4.91

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысын атып кетті

Бразилия кубогінде жартылай финалдан кейін 27 жастағы Нуньес клубтағы ойыншылармен бірге Эрешин қаласының орталығындағы түнгі клубқа барады.

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Дуглас Нуньес да Силваны түнгі клубтан шыққанда атып кетті. Ақпаратты бразилиялық «Коринтианс» растады. Футболшы соңғы кезде осы клуб құрамында ойнап жүр, деп хабарлады Vesti.kz.

Бразилия кубогінде жартылай финалдан кейін 27 жастағы Нуньес клубтағы ойыншылармен бірге Эрешин қаласының орталығындағы түнгі клубқа барады. Ғимарат ішінде басқа демалушылармен кикілжің шығып қалады да, жол шетінде атыс болады. Салдарынан Нуньес қаза табады. Полиция қылмыскерді іздеп жатыр. 

«Коринтианстың» ресми Twitter-інде футболшының отбасына көңіл айтты. Клубтың бас бапкері Андреа Бие оқиғадан кейін полицияға жүгінді.

«Нақты не болғанын айта алмаймын. Себебі, ол кезде мен ұйықтап жатқанмын. Қазір не болғанын білу үшін полиция учаскесіне келдім. Мен оның демалыс күні командаластарымен бірге болғанын білемін», - деді Бие.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары