$ 444.22  476.38  4.82

ҚДСҰО Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін денсаулықты сақтау бойынша шеберлік сынып өткізді

Жаттығу жасауға сертификатталған жаттықтырушылар мен фитнес-нұсқаушылар Мұхаммед Баяков және кикбоксингтен спорт шеберіне кандидат Нұрсұлтан Сейілханұлы шақырылды.

2019 жылғы 10 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы  ұйымдастырған спорттық уикэндке қатысты, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.

Денсаулықты сақтауға көмектесетін дене белсенділігінің маңыздылығын түсіндіру және нұсқаушылардың көмегінсіз күнделікті орындалатын жаттығуларды тәжірибе жүзінде көрсету мақсатында өткізілген іс-шара барысында оқыту шеберлік сыныбы - сауықтыру жаттығулары өткізілді. 

Жаттығу жасауға сертификатталған жаттықтырушылар мен фитнес-нұсқаушылар Мұхаммед Баяков және  кикбоксингтен спорт шеберіне кандидат Нұрсұлтан Сейілханұлы шақырылды. Олар бұқаралық ворк-аут сессияда Mega Silkway сауда ойын-сауық орталығына келген барлық ниет білдіргендер үшін тек спорт залда ғана емес, үй жағдайында, сондай-ақ, жұмыстағы үзіліс уақытында да жасауға болатын тиімді жаттығу түрлерін көрсетті. Мұндай жаттығулар бұлшықеттерді нығайтады, дене тонусын жақсартады, ағзаның қорғаныс күштерін жандандырады.

Сонымен қатар, Mega Silkwaу  СОО-ға келушілер «TNT-дегі би» шоуының қатысушысы, халықаралық конкурстардың жеңімпазы (Мәскеу, Рим, Лос-Анджелес), халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы (Шанхай, Қытай) Мадина Бейсекеева жетекшілік ететін MB Dance студиясының би бағдарламасына (вог, хип-хоп хорео, папинг, джаз фанк, брейк-данс, дэнсхол және т.б.) қатысты.

Адамның денсаулығы 50%-ға күнделікті әдеттеріне байланысты екендігін ұмытпаған жөн. Пассивті өмір салты балалар мен ересектерде аурулардың пайда болуына әкеледі. Қозғалыс адам ағзасы тіршілігінің негізгі стимуляторы болып табылады. Көне грек емшісі және дәрігер Гиппократ айтқандай: «Гимнастика, дене жаттығулары өзінің денсаулығын, жұмысқа деген қабілеттілігін, толыққанды және көңілді өмірін сақтағысы келетін әрбір адамның күнделікті өміріне енуі керек».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары