14.08.2019, 15:05

Жәнібек Әлімханұлы өзін «Боратқа» теңеген қарсыласына есе қайтармақ

фото: КТК
«Қадірлі жанкүйерлер! Бұйыртса, осы жексенбі таңертең ерте ояныңыздар! Канадалықты бірге жазалайық!».

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0) өз жанкүйерлерін алдағы жексенбі ертерек тұрып, айқасты тамашалауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қадірлі жанкүйерлер! Бұйыртса, осы жексенбі таңертең ерте ояныңыздар! Канадалықты бірге жазалайық!» - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін канадалық боксшы Стюард Макклел (27-3-3) Instagram желісінде Жәнібекті жанкүйерлеріне таныстырып, қазақстандық қарсыласын әжуа еткен болатын. Стюард өз парақшасында жариялаған фотода Жәнібек Әлімханұлын «Борат» кейпінде көрсеткен.

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі 17 тамызда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді. Уақыт айырмасына байланысты, Қазақстанда бұл 18 тамыз таңертеңге сәйкес келеді. Жекпе-жекті QazSport тікелей эфирде көрсетеді.