$ 442.05  474.14  4.74

«Ақтөбе» қарсыласын сырт алаңда ұтып кетті (ВИДЕО)

УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу турнирлерінде алғашқы ойынын өткізген «Ақтөбе» командасы Грузия астанасының «Динамо» командасын сырт алаңда 0:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Букмекерлік кеңселердің алдын-ала болжамдарына сәйкес, кездесуде тбилисилік команда басым саналған болатын. Алайда, көпшілік күткен нәтижені жоққа шығарған қазақстандық команда ойынның екінші бөлігінің басында есеп ашып, ойын аяқталғанша сол есепті сақтап қалды. 50-ші минутта сол қапталдан айып алаңына биіктен берілген пасты баспен қақпа торына дарытқан Данило Неко болатын.

Қарымта кездесу осы айдың 23 жұлдызына жоспарланған.

Айта кетейік, бүгін УЕФА Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымында «Астана» мен «Қайрат» командалары өз алаңында, ал, қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда ойын өткізетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары