$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде әйелдер боксынан әлем чемпионаты өтетін болды

2016 жылы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы әлем біріншілігін біздің елде өткізу құқығыy Халықаралық бокс федерациясының (AIBA) атқарушы комитеті Стамбулда өтіп жатқан жиын барысында берді.

Әлем біріншілігін өткізуге Қазақстаннан өзге Ресей, Ұлыбритания және Қытай ниет білдірген. Қорытындысында 20 адамнан тұратын атқарушы комитет мүшелерінің 18-і Қазақстанды қолдаса, екеуі Қытайға дауыс берген. Бұл әлем біріншілігіне Қазақстан құрамасының сапынан әлем біріншілігі мен Олимпиада ойындарында жүлде алған боксшы қыздар қатысады деп күтілуде. Айта кетейік, Олимпиада ойындарында әйелдер арасында тек 51, 60, 75 келіге дейінгі үш салмақта жүлделер сарапқа салынады.

Еске сала кетсек, 2013 жылы Алматыда бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты өткен еді. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы төрт алтын, екі күміс және екі қола алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары